Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қатысады

14 Мамыр 2025

Ертең, 15 мамырда Жапонияның Фукуока қаласында басталатын регби 15-тен әйелдер арасында Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады.

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Ел құрамасы ертең алғашқы кездесуінде Жапониямен шеберлік байқасады. Қарсыласымыз әлемдік рейтингте 13-орында тұр. Ал Қазақстан 65-орынға жайғасқан. Одан кейін 20 мамырда Гонконг құрамасымен кездеседі.

Ұлттық құрама тізімі:

Сымбат Жаманқұлова, Әмина Шәріп, Наталья Камендровская, Светлана Малежина, Дарья Ткачева, Ксения Ким, Елена Юрова, Татьяна Кручинкина, Дарья Симакова, Татьяна Дададжанова, Аяулым Бақытпек, Виктория Кузнецова, Анжелика Пичугина, Вероника Степанюга, Мария Гришина, Екатерина Савина, Алена Дробовская, Наталья Власова, Анна Мельникова, Ирина Балабина, Лилия Олейникова, Әмина Төлегенова, Карина Сазонтова, Алена Мельникова.

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін Ильдар Әбдіразақов атқарады.

Қазақстан әйелдер құрамасы 2007, 2008, 2012, 2013, 2014 жылдарда Азия чемпионы атағын жеңіп алған.

Сондай-ақ әлем чемпионатына алты мәрте қатысып, 1998 жылы тоғызыншы орынға тұрақтады.

Тегтер: