ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

7 Сәуір 2024

«Жүректен жүрекке» ҚХА жобасы аясында су тасқыны салдарынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі республикалық штабтың мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына барды.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Олар зардап шеккендерге қажетті гуманитарлық көмек көрсетіп, эвакуациялық орталықтарда жұмыс істеді. Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері мен еріктілер үшін ыстық тамақ ұйымдастырды.

ҚХА республикалық штабының басшысы, Ассамблея Төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаилов атап өткендей, ҚХА республикалық штабының өкілдері бірнеше күн бойы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданында болып, су тасқынына қарсы құтқару іс-шараларына қатысады.

Ақбаржон Исмаилов су тасқыны салдарын жою жөніндегі жұмысқа қатысқандардың барлығына, Ассамблеяның еріктілеріне үлкен  ризашылығын білдірді, сондай-ақ аудан тұрғындарына осы қиын кезеңде бірлік пен ынтымақ танытуға шақырды.

Бүгінде ҚХА штабының мүшелері мен Ассамблея еріктілері СҚО-ның Ғабит Мүсірепов ауданы Рузаевка ауылында жүр. Олар эвакуациялық пункттерді дайындауға және жағалауды нығайту жұмыстарына, оның ішінде қауіпті аймақтардағы алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға белсенді ат салысуда.

ҚХА мүшесі, СҚО-да көмек көрсету жөніндегі ҚХА штабының басшысы Раджабов Убайдулло көмек беруге ат салысып жатқан 300-ден астам еріктілер  мен ТЖД қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырды.

Су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын іске асыру қолға алынған еді. Бүгінгі таңда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері жалпы сомасы 253 млн теңгеден астам көмек көрсетті.

«Жастар Ассамблеясы» ұйымы, еріктілер орталықтары және ҚХА-ның белсенді мүшелері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мекен-жайларына дейін көмек жіберілуде.

Айта кетейік, Ассамблеяның алғашқы штабтары су тасқынынан зардап шеккен Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындарына гуманитарлық жүк көліктерін жіберді.

Тегтер: