Қазақстан халықаралық өзекті мәселелерді шешу үшін лаңкестік әдістерді қолдануға мүлдем қарсы
13 Қазан 2023
Президент Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді.
«Ондаған жыл бойы шешімін таппай келе жатқан міндеттерді жүзеге асыру үшін бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетіп, террорлық акциялар жасауға болмайды. Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет», – деді Мемлекет басшысы.