Қазақстан құрамасы ескек есу спортынан Азия чемпионатында 12 медаль алды
Бүгін Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты мәресіне жетті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлықтық додада қазақстандық спортшылар 4 алтын, 4 күміс және 4 қола алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады. Көш басында Қытай құрамасы тұрса, үшінші сатыға ирандық ескек есу шеберлері табан тіреді.
Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов ел құрамасы үшін 12 жүлде жоғары нәтиже екенін атап өтті. Төрт алтынның екеуі Олимпиада бағдарламасына енген қашықтықта қолға түсті. Құраманың басым бөлігіне жастар шақырылған. Ендігі кезекте жастар негізгі құрамға көбірек тартылатын болады.
Қазақстандық спортшылардың нәтижесі
Чемпиондар:
Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова (байдарка, 500 м)
Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко (байдарка, 500 м)
Сергей Емельянов пен Руфина Искакова (каноэ, 500 м)
Қазақстан әйелдер құрамасы (4 адам, байдарка, 500 м)
Күміс медаль:
Бекарыс Раматулла (байдарка, 500 м)
Виктор Степанов (каноэ, 200 м)
Стелла Суханова (байдарка, 1000 м)
Сергей Емельянов пен Полат Төребеков (каноэ, 500 м)
Қола медаль:
Ольга Шмелёва (байдарка, 200 м)
Мария Бровкова (каноэ, 500 м)
Қазақстан құрамасы (4×микст, байдарка, 500 м)
Қазақстан құрамасы (4×микст, каноэ, 500 м)