Қазақстан мен Австралия екіжақты іс-қимылды кеңейтуге ниетті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Австралияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Гирингті қабылдады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, Астана мен Канберраның саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Австралия Елшісі Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға, соның ішінде Құрылтай сайлауына жоғары баға берді.
Сонымен қатар, сұхбаттасушылар көпжақты алаңдар, оның ішінде БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан мен Австралияның халықаралық бастамаларын өзара қолдау мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында тараптар өзекті халықаралық мәселелер және олардың өңір елдеріне ықпалы жөнінде пікір алмасты.
Дж. Гиринг сонымен қатар резиденциясы Мәскеу қаласында орналасқан Ресейдегі, Армениядағы, Беларусьтегі, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркменстандағы және Өзбекстандағы қоса атқарушы Австралия Елшісі болып табылады.