Қазақстан ресейлік СБЕР платформасынан бас тартты

15 Сәуір 2022

Цифрлық платформаны «Сбер» компаниясы жасамайтын болды.

Бұл туралы ортком қызметінде өткен баспасөз конференциясында цифрлық даму, инновацияялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин аян етті.

«Қазіргі геосаяси ахуал және өзге себептерді саралай келе өз күшімізбен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ымен жасаймыз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл соңына дейін бірінші сервистер дайын болады. Жобаға 2-3 жылда көшеміз», – деді ол.

Бұған дейін Бағдат Мусин де осыған ұқсас пікір білдірген. Алайда үзілді-кесілді айтпаған.

Қазақстан ресейлік СБЕР платформасынан бас тартты
Тегтер: