Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары БАӘ Елшісін қабылдады

7 Қыркүйек 2026

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшісі Мұхаммед Әл-Арикимен кездесу өткізді.

СІМ
Фото: СІМ

Кездесу барысында тараптар көпқырлы Қазақстан-Әмірліктер ынтымақтастығының практикалық мәселелерін талқылады. Саяси диалогтың оң қарқыны атап өтіліп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілік білдірілді.

Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Қазақстан мен БАӘ арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған алдағы екіжақты байланыстар мен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Тегтер: