Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын қолданушылар саны 700 мыңнан асты
12 Қаңтар 2026
Ұлттық электронды кітапхана 2007 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының негізінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы ретінде құрылған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылы кітапхана айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді.
— Кітапхана қорында 64 тілде құжат сақталған, платформаны 122 елдің оқырмандары пайдаланады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция, Қырғызстан сынды елдер бар. Ал пайдаланушылар саны 718 955-ке жетті. Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы қорында кітаптар, мақалалар, диссертациялар және аудио-видео файлдар — жалпы 83 809 құжат жүктелген, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, барлық материалмен тіркелмей-ақ порталда танысуға болады.