Қазақстан ыдыс-әйнек жуғыш сұйықтықты көбірек өндіре бастады
30 Қаңтар 2024
2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда жуғыш заттарды өндіру 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9% өсті. Жоғарыда аталған тауардың 18,3 мың тоннасы өндірілді.
Сондай-ақ, жуғыш заттардың импорты 32,1% өсті.
Мәселен, өткен жылдың 11 айында 162,6 мың тонна өнім импортталды (123,1 мың тонна — 2022 жылғы қаңтар- қараша).
Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы — 89,9%.
Бұл ретте аталған өнімдердің экспорты 26,2% өсті.
Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 19 мың тонна жуғыш зат экспортталған.
Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта 161,9 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 32,1 пайызға артық.