Қазақстан жыл басынан бері Германияға «Достық» мұнай құбыры арқылы 500 мың тонна мұнай жөнелтті
29 Қыркүйек 2023
Бұл жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев тілшілермен баспасөз мәслихатында айтты.
«Мұның бәрі өзара келісімнің нәтижесінде жүзеге асты. Германиялық достарымыздың өтініші бойынша жеткізілетін мұнай көлемін ұлғайтуға, оның ұзақмерзімді болуын қамтамасыз етуге еліміздің дайын екенін растадым», – деді Мемлекет басшысы.