Қазақстанда 36,8 млн тонна мал азығы дайындалды

17 Қазан 2025

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.

АШМ
АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша барлығы 36,8 млн тонна мал азығы дайындалды. Оның ішінде: пішен – 25 млн тонна (жоспардың 101,9%), сенаж – 1,9 млн тонна (112,8%),– шоғырланған жем – 3,4 млн тонна (62,2%), сүрлем – 2 млн тонна (99,1%), сабан – 4,4 млн тонна (95,8%).

Пішен дайындау жоспарының орындалуы бойынша жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (147%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (103,2%) және Ұлытау (102,3%) облыстарында байқалды. Сенаж дайындау бағытында жақсы нәтиже Солтүстік Қазақстан (163%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (107,7%), Алматы (107,5%) және Павлодар (105,0%) облыстарында тіркелді.

Дайындалған мал азығының көлемі жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ жалпы мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республика бойынша мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Тегтер: