Қазақстанда 50-ден астам жол учаскесі қауіпті деп танылды

25 Қараша 2025

Еліміздің Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай министрлігімен бірлесіп, жолдардың апат болуы мүмкін, қауіпті учаскелерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкіметтегі брифингіде айтты.

БҚО ТЖ
БҚО ТЖ

– Қазақстан бойынша мұндай учаскелер 50-ден асады. Барлық өңірде жұмыс жүргізіліп жатыр. Тиісті белгілер орнатылып, ҚР ІІМ, біздің тиісті қызметтер және ТЖМ тарапынан ерекше бақылау қамтамасыз етілген, – деді ол.

Спикердің айтуынша, жылдамдық режимі де реттеліп жатыр. Сонымен бірге, спикер жолдарды жаңғырту бойынша жыл сайын ауқымды шақырым қамтылатынын атап өтті.

– Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді. Бұл жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, – деді Мақсат Қалиақпаров.

Мысал ретінде ол Ақтөбе облысындағы учаскені келтірді: тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін бұрын қауіпті саналатын бөлікте бірде-бір жол апаты тіркелмеген.

Ал Көлік министрлігі Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен және Ақтөбе –Атырау – Астрахань бағыттарын қоса алғанда, бірқатар жолға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отыр.

Тегтер: