Қазақстанда Авиациялық ғылыми-зерттеу институты құрылады

19 Мамыр 2026

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл Авиациялық ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметте мәлімдеді.

Үкімет
Фото: Үкімет

— Аталған ғылыми-зерттеу институтында авиациялық қауіпсіздік, цифрландыру және жасанды интеллект, ұшқышсыз авиациялық жүйелер, сондай-ақ авиацияның экологиялық тұрақты дамуы сияқты басым бағыттарға назар аударылмақ, — деді вице-министр.

Сонымен бірге, қазір Парламентте авиациялық кадрлар даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер қаралып жатыр. Олар халықаралық стандарттарды енгізуге, түлектердің еңбек өтеу міндеттемесіне және авиациялық ғылымды дамытуға бағытталған.

Бұл шаралар азаматтық авиация саласын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті отандық кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

— Ғылыми-зерттеу бағыты да белсенді дамып жатыр. Соңғы жылдары авиация саласында 45 ғылыми жоба іске асырылып, ғылыми зертханалар ашылды. Қытай, Түркия және Әзербайжан ғылыми орталықтарымен бірлескен жобалар іске асырылып жатыр, — деді Гүлзат Көбенова.

Тегтер: