Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері туралы зерттеу болады
14 Қараша 2024
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің ел халқына әсері туралы зерттеуге қатысты түсінік берді.
Оның айтуынша, осы мәселеге қатысты алдағы уақытта зерттеу ұйымдастырылады.
Бұл тұрғыда жетекші институттарды, соның ішінде география институтын, сондай-ақ зерттеудің физиологиялық және медициналық аспектілерімен айналысатын Денсаулық сақтау министрлігінің институттарын тарту жоспарланған.
«Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жақын арада өзінің отырысын өткізеді және оның барысында осы тақырып қаралады. Егер бұл бастамаға қолдау жасалса, онда бірден конкурс жариялап, зерттеуге кірісеміз», - деді С. Нұрбек Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.