Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті

14 Қазан 2024

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метр екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл — Қазақстандағы ең ұзын көпір.

Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды, — делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.

Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.

Тегтер: