Қазақстандық боксшылар Нидерландта өтетін халықаралық турнирге қатысады

5 Маусым 2025

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтетін бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирде бақ сынайтын қазақстандық боксшылар анықталды.

olympic.kz
olympic.kz

Дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы бақ сынайды.

Олардың қатарында Даниял Сәбит (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі), Ертуған Зейнуллин (65 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Тілемісов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) бар.

Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.

Еске салсақ, Астанада өтетін бокстан әлем кубогына қатысатын құрамалар саны көбейіп, қазір олардың саны 33-ке жетті. Оған әлемнің үздік былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланып отыр. Ел құрамасы онда бірінші құрамымен шаршы алаңға шығады. Әлем кубогы елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында болды. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Әзірге оның қайда өтетіні белгісіз.

Тегтер: