Қазақстандық боксшылар Таиландтағы халықаралық турнирге қатысады
Қазақстандық боксшылар Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіледі. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланып отыр.
Аталған жарысқа еліміздің атынан ерлер құрамасында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Дулат Бекбауов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Тимур Нұрсейіт (75 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Бекзат Таңатар (85 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қатысады.
Ал әйелдер құрамасында Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Жазира Орақбаева (51 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Шахназ Исаева (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Назерке Серік (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) бар.