Қазақстандық велошабандоз Рамис Дінмұхаметов Гонконгтағы жарыста жеңімпаз атанды
19 Сәуір 2025
Гонконг қаласында (ҚХР) велотректен Hong Kong International Track Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, 68 елден 304 велошабандоз жиналған әлемдік додада ұлттық құрама спортшысы Рамис Дінмұхаметов омниум бағдарламасында мәре сызығын бірінші болып қиып, алтыннан алқа тақты.
Р.Дінмұхаметов 136 ұпай жинады. Аустрия спортшысы Конор Лихи (127 ұпай) екінші, жапониялық Канта Умезауа (106 ұпай) үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ командалық спринтте Қазақстан ерлер құрамасы (Данияр Шаяхметов, Кирилл Курдиди, Рамазан Мұхтар) күміске қол жеткізді.
Кейрин бағдарламасында бақ сынаған отандастарымыз Андрей Чугай 9-шы, Данияр Шаяхметов 12-ші, Кирилл Курдиди 17-орыннан көрінді.
Похожие новости