Қазақстандықтарға Украинадан кету ұсынылды

21 Қараша 2024

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украинадан кетуге шақырды.

СІМ
СІМ

«Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді назарға алып, дереу баспаналарға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады. Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын ескереміз», - делінген хабарламада.

Тегтер: