Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды

7 Қараша 2023

Бұл туралы Үкімет отырысында Әлихан Смайылов айтты.

Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды

«Қолайсыз ауа-райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40 пайызға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті», – деді ол.

Тегтер: