Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

27 Сәуір 2025

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

canva.com
canva.com

- 2025 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: