Қазақстанның төрт банкі ұйымдасқан қылмыстық топ ісіне қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

4 Қыркүйек 2025

Kaspi Bank, Forte Bank, Еуразиялық банк және Jusan bank (қазіргі атауы – Alatau City Bank) прокуратура органдарынан ресми хабарлама алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы таратқан хабарламада айтылған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

«Қазіргі уақытта банктерге бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы қылмыстық іске қатысы бар екендігі жөнінде фактілер белгісіз. Сондықтан біз прокуратураға ресми түрде ақпарат алу үшін жүгінеміз», – делінген бірлескен мәлімдемеде.

Сонымен қатар қаржы институттары ресми құжаттар арқылы расталған ақпарат түскен жағдайда құқық қорғау органдарына тергеу барысында қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

2 қыркүйекте Ақмола облысының прокуратурасы Kaspi Bank, Forte Bank, Еуразиялық банк және Jusan bank қызметкерлері ұсталған болуы мүмкін деген ақпарат таратқан еді.

Тегтер: