Қазақтың құмай тазысы жойылу алдында тұр

9 Қыркүйек 2022

Нақты есепті бір де бір министрлік, мемлекеттік орган жүргізбейді.

Елімізде қыруар қаржы имидждік бағдарламалар мен даму жоспарларына жұмсалады. Олардың ішінде жеті қазынаның бірі – тазы туралы айтылмаған.

Тазылардың жойылып кету қаупі туралы мәселенің көтерілгеніне біраз уақыт болды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында биология ғылымдарының докторы Аркадий Слудский 7 мыңға жуық тазы болған деген деректер келтірген.

Ақпаратта бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалатын қаражат туралы айтылған. Мысалы, 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының қаржыландыру көлемі 119,38 млрд теңгені құрайды.

Аты айтып тұрғандай, бағдарламаның негізгі мақсатына ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау жатады. Осы сияқты туристік саланы дамытуға, биологиялық алуан түрлілікті сақтауға, ұлттық спорт түрлерін қолдауға бағытталған бағдарламалар да бар.

Қазақтың құмай тазысы жойылу алдында тұр
Тегтер: