Келер жылы ҰБТ өткізу тәртібінде бірқатар өзгерістер болады
13 Қыркүйек 2023
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады. Яғни, үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша.
Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады.
Бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.
Енді ҰБТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілетін.