Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді

11 Қыркүйек 2024

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлім етті.

Бейнежазбадан
Бейнежазбадан

Басқарма басшысы Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті.

«Сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Қырғызстаннан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы туған жерінде өтеді», — деді ол.

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде көш бастады.

Қырғызстан 14 медаль, оның ішінде 3 алтын, 7 күміс және 4 қола медальмен екінші орында.

Тегтер: