Хайбуллин Ришат Францияда спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

9 Шілде 2023

Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогі аяқталды. Аталған жарыста Хайбуллин Ришат «Жылдамдық» санатында күміске иеленді. Бұл санатта ерлер арасында 27 елден келген 77 спортшы қатысты.

Хайбуллин Ришат Францияда спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Алғашқы жүгірістерінде спортшымыз 5,05 және 5,29 секундтарды көрсетіп 4 орынға иеленіп, финалдық раундқа жүлдеме алды.

Финалдық жүгірістерде отандық спортшы 15 метрлік өрмелеу қабырғасын тағы да 5,05 секунда жүгіріп жеке және Қазақстанның рекордын жасады. Әлем рекорды 4,98 секунд болып табылады.

Ең соңғы жүгірісте Хайбуллин Ришат 5,01 секундқа иеленген Индонезия спортшысынан тек 0,04 секундқа кешігіп екінші орынға ие болды.

Chamonix (FRA), 8 July 2023: competes in the Speed final during the 2023 Climbing World Cup in Chamonix (FRA). © Jan Virt / IFSC. This photo is for editorial use only. For any additional use please contact marco.vettoretti@ifsc-climbing.org

Жалпы бұл Әлем Кубогіне 30 елден келген 129 спортшы қатысты.

Спорттық құзға өрмелеу серпінді дамып келе жатқан жас спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу Федерациясы инфраструктураны дамытумен және ұлттық құрама команданы халықаралық жарыстарға дайындаумен айналысып, спорт түрінің дамуымен айналасады.

Ұлттық құрама команда 93 спортшыдан тұрады, соңғы екі жылда спорттық құзға өрмелеумен айналасатын адамдар саны 1,7 есе өсіп, шамамен 5280 адамға жетті.

Тегтер: