Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр

3 Қаңтар 2023

Бұл жөнінде ҚР бокс федерациясынан мәлім етті.

«Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің есебінде 48 100 ұпай бар. Екінші орындағы Өзбекстан боксшыларында – 37 600 ұпай болса, үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан боксшылары түйіндеп тұр», – деп жазылған федерация таратқан хабарламада.

IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр
Тегтер: