Ким Чен Ын ядролық оқтұмсықты көбірек шығаруға үндеді

1 Қаңтар 2023

Ким Чен Ын Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың қоқан-лоққыларына жауап ретінде Корей халық-демократиялық республикасында ядролық қару арсеналын арттыруға шақырды.

Жаңа жыл қарсаңында 2022 жылдың қорытындысын қарастыратын алты күндік пленарлық сессияның соңғы күнінде сөйлеген сөзінде Ким Оңтүстік Корея «күмәнсіз жауға» айналғанын және оның басты одақтасы АҚШ әскери құралдарын Корей түбегіне жиі орналастыру арқылы Солтүстікке қысымды «максимум» арттырғанын айтты.

Ким келесі жылы Пхеньян тактикалық ядролық қару мен оған қоса «тезарада қарсы соққы жасауға мүмкіндік беретін» жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранды жаппай өндіру керек екенін мәлімдеді.

Ким Чен Ын ядролық оқтұмсықты көбірек шығаруға үндеді
Тегтер: