Әкімдердің рейтингіне енді жол сапасы да әсер етпек
18 Мамыр 2022
Қазақстандағы әкімдер рейтингін жол сапасы бойынша анықтайтын болды.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
Министрдің айтуынша, жол сапасына қатысты мыңнан аса нормативтік-құқықтық акт қайта қаралып жатыр.
«Жол сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан аса нормативтік-құқықтық акт қайта қаралып жатыр. Өңірдегі жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтау жөнінде әдістеме әзірленді», – деді ол.