ҚМА: Шымкентте кәсіпкердің 25 млн теңгесін жымқырған күдікті қамауға алынды

4 Мамыр 2026

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Фото: Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

2025 жылғы қыркүйек айында азамат ЭТҚ қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген.

Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған.

— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды, — делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.

Тегтер: