Көлік саласында ауқымды цифрландыру жүріп жатыр

31 Шілде 2025

Көлік саласында ауқымды цифрландыру жүріп жатыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

канва
канва

Бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері министрден «Қазақстан азаматтары көлік саласында ауқымды цифрландыруды күте ала ма?» деп сұраған еді.

Сауалға жауап берген министр қазірдің өзінде саланы цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.

— Күтпейді, ол қазірдің өзінде бар. Өздеріңіз де соңғы жетістіктерді көріп отырсыздар. Қазақстан көптеген параметр бойынша алда келеді. Президент таяуда ғана суперкомпьтерді ашты. Көлік саласына келер болсақ, «Қазақстан темір жолы» ірі компанияның қатысуымен ауқымды цифрландыруды жүзеге асырып жатыр. Меніңше, ол жақта істелініп жатқан дүние бәрін таң қалдырады. Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» компаниясы да осындай жұмыс істеп жатыр. Демек, ауқымды цифрландыру жүргізіліп жатыр. Бұл бағыт еліміздің негізгі бағыттарының біріне кіреді, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Тегтер: