Конституциялық Сот қамау мерзімін ұзарту нормасының заңдылығын қарайды

30 Наурыз 2026

Конституциялық Сот Қылмыстық-процестік кодекстің бұлтартпау шарасын ұзартуға қатысты нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеруге кірісті.

t.me/consot_kz
t.me/consot_kz

Сот мәліметінше, ауыр қылмыстар бойынша қамауда ұстау мерзімін 12 айға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін ҚПК-нің 342-бабының үшінші бөлігіне қатысты өтініш қарауға қабылданған.

Өтініш беруші аталған норманың тұжырымдары жеткілікті дәрежеде айқын емес екенін және баптың жекелеген бөліктері арасында қайшылықтар бар екенін алға тартқан.

– Өтініште келтірілген уәждер мәтіннің ықтимал айқын еместігі туралы болжамдарға негізделген. Ал дауланып отырған норма бұлтартпау шарасын ұзартудың нақты процессуалдық тәртібін белгілейді және Қылмыстық-процестік кодекс нормалары жүйесінде қолданылып, қорғау мүдделері мен процессуалдық қажеттілік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, – деп мәлімдеді Конституциялық Сот.

Тегтер: