Қорғаныс министрінің орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Ақорда Қорғаныс министрінің орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген құжатта.
Серік Борамбаев 1969 жылғы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1990–1992 жж. – Қызыл Ту орденді Каспий флотилиясы әскери бөлімдерінде қызмет атқарды;
1992–2004 жж. – жергілікті әскери басқару органдарында қызмет етті;
2004–2005 жж. – ҚР ҚМ Әскери-теңіз институты бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары – тиісті бөлімнің бастығы;
2005–2007 жж. – РФ Қорғаныс министрлігі әскери оқу орнында тыңдаушы;
2007–2008 жж. – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқармасының аға офицері;
2008–2011 жж. – Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, штаб бастығы;
2011–2013 жж. – 29011 әскери бөлімінің командирі – Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары;
2013–2014 жж. – Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы;
2014–2015 жж. – ҚР ҰҚК ӘК академиясының тыңдаушысы;
2015–2016 жж. – Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары – тиісті бөлімнің бастығы;
2016–2019 жж. – ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы;
2019 ж. маусым – қараша – ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы;
2019–2022 жж. – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы;
2022–2023 жж. – ҚР ҚМ тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы;
2023–2024 жж. – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы.