Қосшыда екі жасар қызды көлік басып кетті
6 Сәуір 2025
Оқиға кеше, 5-ші сәуір күні болды. Тұрғын үй ауласынан көлігімен шығып келе жатқан әйел кішкентай қызды көрмей қалған.

Қайғылы оқиғаның видеосы жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды. Онда аулада балалардың ойнап жүргенін көруге болады. Бір кезде ересектеу балалар доптың артынан жүгіріп кетіп, кішкентай қыз қараусыз қалады. Сол сәтте ауладан шығып келе жатқан көлік қызды басып кетеді.
- Қосшыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында Kia Sportage маркілі көлік жүргізушісі 2023 жылы туған қызды басып кеткен. Сәби оқиға орнында көз жұмды, - делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр.
Похожие новости