ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру процесіне қатысты соңғы мәлеметтерді жариялады.

28 Ақпан 2022

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру процесіне қатысты соңғы мәлеметтерді жариялады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру процесіне қатысты соңғы мәлеметтерді жариялады.

 

Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі уақытта елшілікке эвакуациялау туралы 528 өтініш келіп түскен. Украинадан Польша арқылы 26 ақпан немесе 27 ақпанда алғашқы репатриациялық рейс жоспарланып отыр.

 

«Алдағы уақытта тағы да рейстер ұйымдастырылады. Қазір отандастарымыз 7 сағат бойы шекара кезегінде тұр. Себебі елден шыққысы келетіндер көп. Отандастарымызды сабырға шақырамыз. Біз қолдан келгеннің бәрін қарастырып жатырмыз», – деді А. Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

 

Оның айтуынша, қазір қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Украина шекарасында 3 автобус тұр. Алғашқы автобуста 49 адам, екінші автобуста 46 адам және тағы бір автобуста 79 адам бар. Бұған дейін ҚР СІМ Украинадағы отандастарымыздың Польша шекарасына қарай жолға шыққаны туралы хабарлаған еді.

 

Ресми өкіл Қазақстан азаматтарын шекараға жеткізу құны 10-15 есе қымбаттағанын ескертті. Мәселен бір автобус азаматтарды шекара маңына жеткізу үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде ақы алып жатқан көрінеді. Бұл шығынды Сыртқы істер министрлігі көтеріп отыр.

 

Nege.kz тілшісінің сұрақтарына СІМ өкілі жауап берді.

 

– Батыс мемлекеттері Украинадағы азаматтарына алын-ала ескерту жасап, тез арада алып шықты. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі неге тым кеш қимылдады?

 

– Өйткені соғыс басталғанға дейін «Air Astana» компаниясының ұшақтары жүйелі түрде ұшып тұрды. Сондықтан біздің азаматтарда ешқандай кедергі болған жоқ. Украинаның аспаны мен шекаралары ашық болды. Өз еркімен кетулеріне болатын еді. Біз азаматтарға нақ осы күні Украинадан шығып кету керек деп талап қоя алмаймыз.

 

Біріншіден, бұл мәселені адам өз еркімен шешу керек. Екіншіден, біз Украина берген ақпаратқа сүйеніп отырдық.

 

– Мәселен соғыс басталмай тұрып азаматтарға қауіп бар екені ескертілсе, қазіргідей проблема болмас еді. Азаматтарға неге алдын ала неге ескертпедіңіздер?

 

– Украинадағы жағдай бір күнде туындаған жоқ. Соңғы бір айдың ішінде ушықты. Енді адамдардың өзі жаңалықтарды қарап, өз еркімен, өз ойымен шығуға болатын еді ғой?

Әрине, көмектесу – біздің міндет. Енді біз бағана айтқандай, Украина тарапының берген ақпаратына сүйеніп отырдық. Басқа елде отырып, «соғыс болады-болмайды» деп болжам жасай алмаймыз, соны түсіну керек.

Тегтер: