Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

1 Сәуір 2024

Экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгінгі сот отырысында қазаның зардабын жан-дүниесімен сезінетінін айтып, марқұм С. Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

«Шын мәнінде маған сөз сөйлеу өте қиын. Мен түсінем және ешқандай кешірімнен үміттенбеймін. Бірақ бұл — менің адамдық борышым. Мына жерде жәбірленушілер, оның (С. Нүкенова — ред.) туыстары, ата-анасы отыр. Шынымды айтсам, алғашында оның өлімін ой-санаммен қабылдау қиын болды, — деп бастады ол. — Кешірім сұрағым келеді. Мен ешқандай кешірімнен дәметпеймін. Бірақ бұл — менің ішкі міндетім, жан-дүниемнің үндеуі. Мен бұл жоғалтудың салмағын бағамдаймын және оған қатысым бар екенін түсінемін. Бірінші айтқым келетіні осы».

Сондай-ақ, ол өзіне тағылған айыпты неге ішінара ғана мойындайтынын түсіндірді.

«Екіншіден, құрметті алқабилер, менің кінәлі емес екенімді, кінәмді мойындамайтынымды айта отырып мынаны түсіндіргім келеді. Құрметті, сот, процеске қатысушылар, мен өзімді жұбайым Салтанатты асқан қатыгездікпен саналы түрде ойластырып өлтірді деген айыпты мойындамаймын», — деді Қуандық Бишімбаев.

Тегтер: