Құрбан айт – 2025: Қазақстан халқы қанша күн демалады
14 Мамыр 2025
Биыл Құрбан айт мейрамының бірінші күні 6 маусым, жұмаға түсіп тұр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни мерекелер кестесіне сәйкес «Құрбан айт» мейрамы үш күн бойы (6-8 маусым) тойланады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні жұмыс режимі мен ауысымдық (вахталық) кестеге қарамастан демалыс саналады.
Осылайша, маусым айында қазақстандықтар 5 күндік және 6 күндік жұмыс жағдайында да қосымша бір күн демалады:
- Бес күндік жұмыс аптасы — 6, 7 және 8 маусым демалыс;
- Алты күндік жұмыс аптасы — 6 және 8 маусым демалыс, ал 7 маусым жұмыс күні.