Күшті жер сілкінісі болмайды

23 Қаңтар 2024

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер қанша уақытқа созылатынын айтты.

Күшті жер сілкінісі болмайды

Ол Қырғызстан мен Қытай аумағында болған зілзаладан кейін 100-ден астам афтершок тіркелгенін, алматылықтар 5-тен астам жер сілкінісін сезінгенін атап өтті.

«Мысалы, Түркия мен Сириядағы былтырғы жер сілкінісінен кейін афтер дүмпулер әлі де болып жатыр. Бұл туралы жаңалықтардан да оқып жатырсыздар. Жойқын сілкініс күтіле ме дегенге келсек, жоқ. Күшті жер сілкінісі болмайды деп 100 пайыз айта аламын. Олар әлсірейді, жоғалады. Ешқандай қауіп жоқ», – дейді Дәулет Сәрсенбаев.

Тегтер: