Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жиенінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
24 Шілде 2023
Бүгінгі таңда Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаровқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша айып тағылып отыр.
«Қазір заман басқа. Жемқорлықпен айналыссаң, қамаласың. Мемлекетке келтірілген шығынды екі еселеп өтесең, бостандыққа шығасың. Әйтпесе, түрмеге жабыласың. Мен аралассам, қалғандары да заң бұза бастайды. Қырғыздарда жақсы сөз бар: «Бір жаза мыңдаған адамға сабақ», – деді ол.