Қызылшаға қарсы вакцинаны әдейі салғызбай отырған ата-аналар қатары көп
9 Қаңтар 2024
Елімізде ата-аналардың көбі балаларына қызылша ауруына қарсы вакцинаны салғызбай отыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
«Өкінішке қарай, ата-аналардың арасында балаларына екпені әдейі салғызбай, бас тартып отырғандардың қатары аз емес. Мұның соңы ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Сондықтан, жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолы – екпе салу», — Әлихан Смайылов.