Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі — ІІМ

12 Наурыз 2025

Қазір аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бейнежазбадан
Бейнежазбадан

— Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Біз тергеуді бір ай ішінде аяқтап, қылмыстық іс материалдарын прокурор арқылы сотқа жіберуді жоспарлап отырмыз, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министр орынбасарының мәлімдеуінше, жасөспірімге қатысты жаза оның әрекетінің саралануы мен соттың шешіміне байланысты тағайындалуы мүмкін.

— Аса ауыр қылмыс жасалды, құқықтық бағаны сот береді. Сот шешімін болжау немесе түсініктеме беру менің құзыретіме кірмейді, — деп түйіндеді С.Әділов.

Тегтер: