Лукашенко: Ресей НАТО-ның кеңеюімен жалғыз күреспеуі керек

17 Мамыр 2022

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мерейтойлық саммиті басталды.

Жиында Беларусь Президенті Александр Лукашенко «Ресей НАТО-ның кеңеюімен жалғыз күреспеуі керек» екенін айтты.

Беларусь басшысы ҰҚШҰ-да бірліктің жоқтығын атап өтіп, «елдерімізді тезірек біріктірмесек, ертең болмауымыз да мүмкін» деді.

Сондай-ақ ол ҰҚШҰ елдеріне ақпараттық күресте, әсіресе интернетте Қытай жолымен жүруді ұсынды.

Еске сала кетейік, кездесуге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.

Лукашенко: Ресей НАТО-ның кеңеюімен жалғыз күреспеуі керек
Тегтер: