Лукашенко шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы заңға қол қойды
9 Наурыз 2023
Беларусь президенті Александр Лукашенко «Қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша кодекстерді өзгерту туралы» Заңға қол қойды.
Заңда лауазымды тұлғаларды мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді.
«Бұл ретте лауазымды адам немесе әскери қызметшіге мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін», — делінген хабарламада.