Мәди Ахметов: Жан-жаққа тартпай, Тоқаевтың кандидатурасын қолдайық!

9 Қазан 2022

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.

«Құрылтай өтті. Кандидат анықталды. Коалиция құрылды. Қадірлі достар, жыл басынан еліміздің саяси өміріне қан жүгіріп, ауқымды өзгерістер орын алуда. Өзгерісті өзінен бастаған «Аманат» партиясы күні кеше жаңа саяси тұғырнамасын қабылдап, стратегиялық мақсат міндетін айқындады. Алда үлкен саяси науқан, бірлігіміз сыналатын, елдің келешегі шешілетін жауапты кезең. Бұл асыра сілтеушілік емес, баршамыз жан-жағымызда орын алып жатқан геосаяси жағдайды, қақтығыстарды көріп отырмыз. Сондықтан қазіргі құбылмалы әлемде біз ішкі тұрақтылықты сақтап, жарияланған реформалардың іс жүзінде жүзеге асқаның қамтамасыз ету үшін аманаттықтар ретінде Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдадық. Бастысы “Аққу, шортан һәм шаян” кейпіне енбей, жан-жаққа тартпай, мемлекетшілдік тұрғысынан ойлап, ұлт болып ұйысу аса маңызды», – деп жазды Мәди Ахметов өзінің инстаграм парақшасында.

Мәди Ахметов: Жан-жаққа тартпай, Тоқаевтың кандидатурасын қолдайық!
Тегтер: