ІІМ есірткімен күресу үшін дрон сатып алмақшы

5 Қыркүйек 2025

Ішкі істер министрлігі есірткі плантацияларын оңай анықтау үшін 2026-2028 жылдары дрон сатып алмақшы. Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлім етті.

ШҚО ПД
ШҚО ПД

- Қарасора өсетін жерлерді әуеден барлау құралдарының жоғары тиімділігін көрсетті. 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарында Ішкі істер министрлігіне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу көзделіп отыр, - деді ол.

Айтуынша, бұл аппараттар есірткі плантацияларын анықтап, есірткі зертханаларын әшкерелеуге, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, ұрлыққа қарсы іс-қимылдарға, қылмыскерлерді іздестіруге де пайдаланылады.

Тегтер: