Мәжіліс депутаттары референдумға қатысты заңды қабылдады
Мәжіліс депутаттары «Тұңғыш Президент Қазақстанның негізін қалаушы» деген норманы Конституциядан алып тастау бір ауыздан қолдады.
Отырысқа жалпы 96 депутат қатысты, түгелі бір ауыздан «Тұңғыш Президент Қазақстанның негізін қалаушы» деген норманы алып тастауды қолдады.
Мәжіліс отырысында сөз алған Арман Қожахметов: ««Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына бүгін сенат депутаттары Конституциялық кеңестің кешегі қорытындысын ескере отырып, референдумға қатысты заң жобасын қайта қарап, өзгеріс енгізді. Заң жобасы мәжіліске жіберді. Біз мәжілістегілер мақұлдадық» деді.
Осылайша, референдумға шығаруға тыйым салынған мәселелердің қатарынан Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының мәртебесін өзгертуге қатысты шектеу алып тасталатын болды.