Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Ерлан Қошановтан сөз естіп алды

11 Қазан 2023

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Ерлан Қошановтан сөз естіп алды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Ерлан Қошановтан сөз естіп алды

Депутат Мәжілістің жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабекке жайылымдық жерді қайтармай жатқан әкімдердің атын атауды сұрады.

Алайда шенеунік әкімдердің атын атамай, жалпы жұмыс жайын сөз етті.

Сонда депутат «жұмыс істемей алмасаңыздар, министрмен бірге қуып шығамыз» деп айтып қалды.

Бұған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ескерту жасады.

«Қатты кетпеңіз, агрессиясыз сөйлеңіз. 10 млн гектер жер қайтарылды. Оның бәрі «Жер аманаты» комиссиясының арқасы. Оның құрамына Бас прокуратура, мемлекеттік органдар, депутаттар, қоғам өкілдері кіреді. Оның басшысының бірі – өзіңіз. Мен де сізге жалынды сәлем айтқым келеді. Бақытжан мырза, бұл бірінші рет емес, сізге ескерту жасаймын», – деді ол.

Тегтер: