Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар екенін айтты
20 Қазан 2023
Бұл халықтың 84 пайызын құрайды екен.
«Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие мәселесінің қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді», — деді ол.