Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирустан емделіп жатыр
6 Ақпан 2024
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты емделіп жатыр. Бұл мәліметті палатаның баспасөз қызметі растады.
«Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты ем қабылдап жатыр», — деп нақтылады баспасөз қызметі Kazinform агенттігіне.
Белгілі болғандай, палата спикері коронавирус инфекциясына шалдыққан.