Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.
«Тұран» университетін (1999) халықаралық экономист мамандығы бойынша; ҚР Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.
Куала-Лумпур және Хьюстон қалаларында 2 жылдық тәжірибеден өткен. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі.
2000 жылдан — Ақмола облыстық орман жөніндегі басқармасының қаржылық және экономикалық талдаубөлімінің жетекші маманы.
2001-2002 жылдары — МІ Drilling Fluids International ТБ жөніндегі менеджері;
2004 жылдан техникалық сатылымдар бойынша екілі;
2006 жылдан өндіріс жөніндегі менеджері.
2007 жылдан — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.
2010 жылдан бері — «ҚазМунайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры — басқарма мүшесі.
Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.